Моржға тістер не үшін керек?
Мысықтың тілі неге бұжыр?
Осы сияқты сұрақтарға жауап бере алатын кітаптар қайда тұрады?
Бұл туралы жас оқырмандар «Читающие дома» жобасы аясында ұйымдастырылған кездесуде білді.
Кішкентай «білімпаздар» таңғажайып жаңалықтар және шытырман оқиғалар әлеміне қызықты саяхат жасап, көрмеде ұсынылған кітаптар мен журналдардан түрлі, күтпеген сұрақтарға жауап алды.
Сондай-ақ, балаларға «Колесо фортуны» интеллектуалды супер-ойыны өткізілді. Викторина кітабынан төрт кезеңнен тұратын үш ойын ұсынылды. Әсіресе «Ертегілер мен аңыздардың кейіпкерлері» бөлімі ерекше назар аударды.
Іс-шараның соңында «саяхатшыларды» «Қолтырауын» көңілді ойыны күтіп тұрды.