Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті. Бүлдіршіндермен көңілді сәлемдесуден басталған шара бірнеше нейрожаттығу тапсырмаларын орындаумен жалғасын тапты.
Шара барысында «Дидактикалық ойын», «Тыныс алу», «Текшемен ойын», «Киндер» тапсырмалары орындалды. Мұндағы мақсатым- балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, жағымды көңіл-күйлерін қамтамасыз ету, баланың тыныс алуын жаттықтыру. Қатысушылармен бірге орындалған сергіту сәті көтеріңкі көңіл күй сыйлады.