«Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы балалардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға арналды.
Шарада «Нүктелерді қосу», «Пластилинмен жұмыс», «Кім жылдам» жаттығулары бірлесе орындалды. Бұл жаттығулар балалардың ми қызметін жақсарту, есте сақтау, зейін, ұсақ моторика, шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамытады. Мұндай әдістер арқылы баланың жүйке жүйесіне әсер етіп, оның когнитивті процестерін нығайтуға көмектеседі.
Шара сергіту сәтімен аяқталды.