Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өтті. Кішкентай бүлдіршіндермен сәлемдесуден басталған шара түрлі тапсырмалармен жалғасын тапты. Бес сезім мүшелерімен жұмыс жасау арқылы балалардың сенсорлық қабылдауын, зейінін және есте сақтау қабілетін дамытса, әңгімелесу арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын және ойлау қабілетін жетілдіруге ықпал етті.
Ойыншықтарды құрастыру әрекеті балалардың ұсақ моторикасын, кеңістікті бағдарлау және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Бұл нейрожаттығулар балалардың сенсорлық қабылдауын, моторикасын және сөйлеу дағдыларын дамытуда тиімді болды. Ерекше балалардың танымдық белсенділігін арттыру үшін мұндай жұмыс түрлерін жүйелі түрде өткізу маңызды.