Кітапханада өткен «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы балалардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Балалармен «Тіс тазалау», «Құм терапиясы», «Ермексазбен жұмыс» тағы да басқа тапсырмалары бірлесе орындалды. Бұл тапсырмалар ерекше балалардың сенсорлық және моторлық жүйесінінің дамуын, зейін мен есте сақтау қабілетін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын, өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналды. Шара соңы сергіту сәтімен аяқталды.







