«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

«Чудо детки» балаларды дамыту студиясы

Сәлемдесуден басталған «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті жаттығулары танымдық іс-әрекетті және мінез-құлықты қалыптастыруға негізделді.
Шарада «Қимыл-қозғалыс», «Жапсыру», «Түрлі түсті макарон», сонымен қатар «Релаксация. Тыныштық әлемі» сияқты нейрожаттығуларды балалармен бірлесе орындадық. Бұл жаттығулар бас ми бұлшықетін дамытуға, ойды тыныштандырып, зейінді тұрақтандыруға, миды сергітуді дамытатындықтан балаларға өте пайдалы болып келеді.
Ұсынылған жаттығулар ұйқыда жатқан нейрондарды оятып, өз мүмкіндігін мейлінше дамытады. Баланың саусақ ұшындағы жүйке талшықтарын жұмыс істетіп, мидың дамуына жақсы әсерін туғызады.

Share