Бүгін кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының бүлдіршіндері бас қосып, бірнеше нейрожаттығулар орындады.
Шарада «Түрлі-түсті доптар», «Түстерді сәйкестендіру», «Шарды боя» жаттығулары орындалды. Мұндағы негізгі мақсатым – бүлдіршіндердің зейінін, есте сақтауын, табандылық және шыдамдылығын, сонымен қатар екі қолды бірдей басқаруға, түстерді айыра алуға, ой-қиялын, саусақ моторикасын дамыту болды. Ұсынылған жаттығулар баланы өз қатарынан қалмай, барлығын жеңіл игеріп, зейінін дамытуға ықпал етеді .
Шара соңы көңілді сергіту сәтімен аяқталды.