Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасында бүлдіршіндерге бірнеше нейрожаттығу тапсырмалары берілді.
Сәлемдесумен басталған шара бірнеше қол моторикасын жақсарту жаттығуларымен жалғасын тапты. Балалардың қимыл-қозғалыс қабілетін, икемділігін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу тілін жетілдіруге ықпал ететін «Дәндер», «Қыстырғыштармен ойын», «Жануарларды құтқар», «Түстерді сәйкестендір», «Ермексазбен жұмыс» тапсырмалары берілді. Бала үнемі қимыл қозғалыста болса, қан айналым жүйесі жақсарады, сондықтан да жиі осы жаттығуларды күнделікті үй жағдайында да орындаулары керек.