Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл

Биыл қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өшпес із қалдырған белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл.

Осыған орай кітапхана төрінде «Қазақ баспасөзінің баhадүрі» атты оқырман конференциясы өтті. Оған С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Журналистика мамандығының студенттері мен «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің» 10 сынып оқушылары қатысты.

Шараға қатысқан оқушыларға Шерағаның өмір жолы мен шығармашылығына қатысты әртүрлі заттармен жасырылған сауалдар берілсе, ал сол сұрақтардың жауабын жас тілшілер қызықты ақпараттар арқылы толықтырды. Журналистика мамандығының 3 курс студенттері Төлегенова Іңкәр мен Қорғау Еркеназдың баяндамасынан шараға қатысушылар мол мәліметтер алды.

Әдеби конференцияда халық жазушысының оқырман арасында кең тараған шығармалары таныстырылды.

Журналистика мамандығының студенттері «Бір кем дүние» кітабы бойынша алдын ала дайындалған тапсырмаларды мысалдармен тарқатып түсіндіріп айтып, өз ойларын ортаға салды.

Шара соңында жас тілшілерге қаламдарың қарымды болсын деген ниетпен қаламдар сыйға берілді. Талантты журналистер мен талапты оқушылардың басын қосқан бұл жиын жас журналист, ақын Санжар Сұлтанғазының орындауындағы «Әлқисса» күйімен аяқталды.

Share