Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы

Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы

Кітапханада жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ы.Алтынсарин мұрасы: дәстүр мен инновация сабақтастығы» атты республикалық конференциясы ұйымдастырылды. Ұлы ағартушының мерейтойына арналған  кітапханааралық конференцияға Республика көлемінде: Алматы қаласы  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Жамбыл атындағы  қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Ақтөбе қаласы, Нүрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы, Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы. Атырау облыстық балалар кітапханасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Жангелдин ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қатысты. Конференцияның алғашқы сөз кезегін алған ШҚО Өскемен қаласы әкімдігінің Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тұяқбаева Бағжан Сулейменовна қатысушыларға Ыбырай Алтынсариннің шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық жайлы айтса, Алматы қаласы  Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Жамбыл атындағы  қалалық жасөспірімдер кітапханасының жас қызметкері, әріптесіміз Жұмахан Нұрлыхан  «Ы. Алтынсарин әңгімелері: балаға кітап оқыту, комикстер дайындау» (Суретті кітаптар) тақырыбында баяндады. Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  кітапханашысы Ағытаев Әмірхан Бақтыбайұлы қатысушыларды биылғы жылы атап өтілетін атаулы күндермен құттықтап, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына өз алғысын білдірді. Конференция соңында кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мерейтойына байланысты алдағы уақытта жоспарланған іс-шаралармен бөлісті.

Share

Пікір үстеу