«Экодостар» шеберлік сағаты

«Экодостар» шеберлік сағаты

Бүгін Өскемен қаласы әкімдігінің «№49 жалпы білім беретін мектебінің» 3 сынып оқушыларына арнап, қоршаған ортаны зиянды заттардан қорғауға үйрету мақсатында «Экодостар» шеберлік сағаты өткізілді. Шара басында Әлем, пластик және қайта өңдеу сиқыршысы атты кейіпкерлер шағын көрініс қойып, балаларға табиғат ресурстарын дұрыс пайдалану, ауа мен суды ластамау, қоқыс тастау мәдениеті жайлы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, «Таза ел – ортақ мақсатымыз» атты кітап көрмесі таныстырылып, жарамсыз заттарды қайта өңдеу арқылы пайдаға жаратуға болатыны туралы түрлі шеберлік сағаты көрсетілді. «Құпия зат», «кім епті», «ойлан, тап» ойындарына белсене қатысқан оқушылар көңілді әуенге би билеп, сергіту сәтін жасады.

Share