Кітапханамызда ұйымдастырылған «Экология және адам» атты лекториялық сағатта ағымдағы жылдың 8-10 қазан аралығында Жамбыл облысының «Тауқымыз» емдеу-сауықтыру орталығында өткен «Birgemiz:Taza Álem» республикалық эко-лагеріне қатысқан «QAINAR» QQ -ның жетекшісі, тұрақты оқырман Қабжанов Рамазан алған әсерімен бөлісті. Лагердегі өткен шаралар «Жаяу жүру туризмінің әдіс-тәсілдері» ,шеберлік сыныбы, «Тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа өмір сыйла» байқауы және де экологияға байланысты тренингтер мен «фотоохота» жарысы, эко-тауарлар аукционы өткені туралы қатысушыларға баяндап, таныстырды. Шарада «Адам – табиғаттың ажырамас бөлігі» тақырыбында баяндама оқылып, жастар «Не?Қайда? Қашан?» атты экологиялық квест ойнады. Соңында әрбір адам қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау керек деген түйінмен қорытындылады.
#вкоодюб
#vkolibrary
https://shqolibrary.kz/wp-content/uploads/2021/11/IMG_3912-1.mov