«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бұл үрдісті кітапханамыз да жалғастыруда. Акция аясында «Эко тренд» атты еріктілер форумы өткізілді.
Онда ШҚО бойынша экология департаментінің баспасөз маманы Мұсаханова Аружан Қаныбекқызы келіп өз баяндамасын оқыды. Белсенді студент, қаламыздағы өткізілген «Жасыл ел» жобасы бойынша С. Аманжолов атындағы ШҚУ белсенді студенті Данил Гончар баяндаманы жалғады. Психолог, коуч Әсем Рахым жастардың санасына тың ақпараттармен серпіліс беріп, оларды дұрыс тамақтану, өзін күту экономиканың басты қағидасы екенін айтты.
Шарада бейнероликтер көрсетіліп, куиз ойыны ойнатылды. Эко тренд көрмесін тамашалап келген студенттер қарасы да көп болды.