Шығысқазақстандық авторлар шығармашылығын ел арасында кеңінен насихаттауды мақсат еткен «Ғажайып оқу сәті» атты Облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясына кітапхананың “Керім-ай” би тобының биші бүлдіршіндері де атсалысты. Жас бишілер жерлесіміз, балалар жазушысы, журналист, көсемсөз шебері Марат Қабанбайдың “Жиhанкез Тити” атты шығармасымен таныса отырып, “Ғажайып глобус”,”Сиқырлы шеңбер” “Дүрбімен дос болайық!” ойындарын белсене қызыға ойнап, “Саяхатшы” биінің қимылдарын меңгерді. Бала-өмірдің гүлі, көңілдің нұры. Талабың мұқалмасын, кішкентай дос!