Шығысқазақстандық авторлардың шығармаларын насихаттау бойынша «Ғажайып оқу сәті!» атты облыстық бір мезгілде кітап оқу акциясы аясында кітапхана қызметкерлері Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Филология факультетіне барып қайтты. Акция аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс студенттерімен бірге Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» шығармасын оқып талдап қана қоймай, Алтайдың мұзбалақ жазушысының «Қасқыр ұлыған түнде», «Апамның астауы», «Тортай мінер ақбозат», «Атау кере» сынды бірқатар шығармаларын да назардан тыс қалдырмады.
Студенттер О.Бөкей шығармаларының сюжеті мен мазмұнын баяндап, ондағы кейіпкерлерді естеріне түсірді. Адина есімді студент мектеп қабырғасында жүрген кезінде әдебиет сабағында Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесіне арнап жасаған жобасын: ұялы телефоннан оқуға болатын электронды кітабын көрсетті. Сондай-ақ, ақындыққа ден қойып жүрген, жас әдебиетшілер өз өлеңдерінде мақтанышпен оқып, өздерін мазалаған һәм қызықтарған сұрақтарын кітапханашыларға қойып, бірге талқылады.