«Ғылым апталығы – 2025» аясында кітапханада Қ. Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Ғылым әрекетте» атты тақырыптық фотозона ұйымдастырылды. Шара қонағы химия пәнінің мұғалімі Құрманғалиева Дүрия Айтқазықызы аталмыш пәнді өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік берді. Қызықты тапсырмалар арқылы қатысушылардың қызығушылықтарын оятып, химиялық элементтердің адамзат өміріндегі маңыздылығы мен қолданылуы туралы білімдерін толықтырды. Шара оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып – үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамытуға ықпал етеді.
