Акулов Владимир Иосифович

Акулов Владимир Иосифович 1953 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген, “Қамысты” шаруа қожалығының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы мен Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, беларус этномәдениеті бірлестігінің өкілі болып табылады. 1980 жылдары Семей зоотехникалық-ветеринарлық институттын аяқтағаннан кейін «Краснопартизанский» совхозының аға мал дәрігері, 1982 жылдан бастап бас мал дәрігері, кейін Ленин атындағы колхоздың төрағасы болды. 1996 жылдан бастап «Қамысты» ШҚ басшысы, «Қамысты-2» ЖШС директоры. Оның басқаруымен қалыптасқан шаруақожалық асыл тұқымды мал асырау саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді, 2010 жылы сүтті қызылала малды өсіру бойынша ең үздік шаруашылық атағын алып, селекциялық жұмыстардың қорытындысы ретінде – «Алтын белгі» алтын медалін алды. 

Share