Алексей Башкирцев

Алексей Башкирцев – Өскеменнен шыққан ғалым. Ол озық нанотехнология, отын-тасу энергетикасы туралы біздің ойды мүлде өзгертетін бірқатар жаңалықтар ашты. Ол 80-жылдардың соңында ұнтақтаудың өзіндік тәсілін жалғыз ойлап тапқан ғалым. Қорғаныс өндірісінің кәсіпорындарымен, СССР ғылым Академиясымен қызметтес болып, тантал мен техникалық кремнийдің наноұнтақтарын дайындау бойынша тапсырыстарын орындады. Оған дейін бүкіл Одақта бұл тапсырысты ешкім орындай алмаған екен. Осы жұмысты ол ары қарай сәл өзгеше бағытта жалғастырады. Ғалым ойлап тапқан идеяның атауы – «фитомиллдер»  атауы ойлап тапқан өнімінің мағынасын толық ашады: «фито» – өсімдік, ал «милл» – диірмен, ұнтақтау, яғни наноқұрылымға дейін ұнтақталған өсімдік ұнтақтарының ерекші түрі. Нәтижесінде бұрын-соңды болмаған құрылым пайда болды, енді адам ағзасы өзін өзі емдеп шығуды бастауы үшін бір күнге бір шәй қасық ұнтақ жеткілікті. Ғалымның өз сөзінше, нанотехнологиялар арқылы күшті сауықтыру әсеріне ие өсімдік ұнтақтарының ерекше формасы алынған. Оның алғаш шығарған биобутанол (автомобиль қозғалтқыштарында пайдаланылатын отынның түрі) қазіргі кезде сынақтардан сәтті өтті.

Share