Алифанов Валентин

Алифанов Валентин Усть-Таловка жұмысшылар кентінде туып өскен. 2007 жылы «Алтай мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының» «Театр қойылымы және актер шеберлігі» кафедрасының көркем шығармашылық факультетіне оқуға түсті. 2012 жылы академияны аяқтағаннан кейін, «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша туған кентіне қайтып келді. Қазіргі уақытта «Усть-Таловка кентінің балалар өнер мектебі» КМҚК театр өнері бөлімінің оқытушысы.

100 жаңа есім: Валентин Алифанов

Біздің жерлесіміз Валентин Алифановтың есімі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар» деп аталатын мақаласында ұсынылған «100 жаңа есім» республикалық жобасы жеңімпаздарының тізіміне енді. Бүгінгі күні кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқырмандар үшін «100 жаңа есім: Валентин Алифанов» атты TEDx-конференция өткізілді, онда болашағы зор режиссер оқырмандар арасында өзінің ерекше идеяларымен бөлісті.

Оның жалынды сөздері актерлық шеберлікті, режиссура мен журналистиканы оқитын креативті студенттерге үлкен ой тастап, соңы сұхбатқа ұласты. Студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып Валентин өзінің жобаға қатысуы, жеткен жетістіктері, арманы мен болашаққа жасаған жоспарлары, талантты режиссердың арқасында республикаға танымал болған балалар театры туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Екінші кезеңде Валентин Алифанов пен жас актерлар өз еңбектерінің жемісін көрсетті – мектеп жасындағы балаларға арналған «Бременские музыканты» қойылымын ұсынды.

Көрермендер «New life» театр труппасына және талантты режиссер Валентин Алифановқа мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін ду қол шапалақтап алғыстарын білдірді және еңбектеріне табыс тіледі.

Share