Ержан Жұмабек

Ержан Жұмабек – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант.1987 жылы ШҚ облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. 2004-2008 жылдары ШҚО Семей қ., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті «филология» факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бойынша үздік бітіріп, 2008-2010 жж. сол мамандық бойынша ғылым магистрі атанды. «Өсер өркен» жинағына және 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына бір топ өлеңдері енді. 2016 ж. бастап Түркия Республикасындағы Өмер Халисдемир университетінің докторанты. 2012 жылы «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы, 2017 жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркиядағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстамбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шықты.

Share