Жолдыбалинов Нұржан

Жолдыбалинов Нұржан – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог. Нұржан Нұрланұлы – 1986 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі. «Кітапхана саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.  Қазіргі таңда Нұрлан Нұржанұлы Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы бірыңғай технологиялық форматында Қазақстан кітапханаларының біртұтас каталогін «ҚазҰЭК бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі» жұмыс үстелін құрумен айналысуда. Мұның нәтижесі Бірыңғай онлайн-каталог, Бірыңғай электронды толықмәтінді мәліметтер базасы, құжаттарды электронды жеткізу, корпоративті виртуалды анықтама қызметі және басқалардың жасалуы болып табылады.

Share