Қазақстандық бір мезгілде оқу акциясы аясында №9 орта мектебінің нөлінші сынып оқушылары үшін кітапханашылар жарқын әрі танымды шара өткізді. Балалар М.Зощенконың “Интересный рассказ” («Қызықты әңгіме») шығармасын қызыға тыңдап, Коля атты баланың іс-әрекеттерін талқылап, сұрақтарға жауап берді. Одан кейін оқушылар көңілді және белсенді ойындарға қатысты: «Сарбаздың жорық сөмкесін жина», «Санамақтар» және «Әскери жарқыл» ойындарында белсенділік танытты. Күн қызықты өтіп, бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталды.
