Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері ШҚО ББ «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-сінің тәрбиеленушілеріне қонаққа барып, «Қазақстан – туған өлкем» атты танымдық іс-шара өткізді.
Бағдарлама көпшілікке танымал «Своя игра» зияткерлік викторинасының үлгісінде құрылды. Алайда телевизиялық форматтан айырмашылығы — сайысқа үш команда қатысты. Ойын мемлекеттік мерекелер, белгілі тұлғалар, ХАӘ, сондай-ақ еліміздің әдеби және мәдени мұралары туралы сұрақтарды қамтыған алты тақырыптық кезеңнен тұрды.
Балалар өздерінің терең білімін, кең ой-өрісін және ұйымшыл командалық жұмысын көрсете білді. «Музыкалық үзіліс» кезеңі ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бұл кезеңде Иван Штро Қазақстан туралы танымал әндерді жақсы білетінін ғана емес, оларды шебер орындайтын дарынды әнші екенін де дәлелдеді. Қатысушылар оған қосылып ән айтып, қошеметтеп, қолдау көрсетті. Дәл осы жарқын сәт Иванның командасына бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді.
Іс-шара аясында балалар «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесімен де танысты. Жылы әрі есте қаларлық кездесу естелікке ортақ фотоға түсумен аяқталды.









