Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!
Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар тойланатын Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
Бүгін кітапханамыздың жас қызметкерлерінің арасында олардың білім-біліктерін арттыру, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқы тілдеріне құрмет көрсету мақсатында ұлт ұстазының шығармашылығы мен әртүрлі сала бойынша құралған сұрақтардан сұрақ-жауап сайысы ұйымдастырылды.