«Кitap Time-2024» III жалпы республикалық кітап фестивалі аясында ұйымдастырылған композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Қазақтың саңлақ сазгері» әдеби-музыкалық қонақжай оқырмандар үшін оның жарқын тұлғасын және еліміздің музыкалық мәдениетіне қосқан елеулі үлесін ашты. Шараға қаламыздың Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-гимназиясының 6 «А» сынып оқушылары мен Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Автордың музыкалық шығармаларының стилистикалық ерекшеліктеріне ерекше назар аударылды. Көрнекі материалдар – фотосуреттер мен мұрағаттық бейнелер оның жұмысының мағынасын ашуға көмектесті. «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер училищесі» «Қазақ халық аспаптары» бөлімінің студенттері Жұмаділова Каусар, Арманқызы Амина, сүйемелдеушісі Н.П. Бедерованың орындауында жанды музыкалық нөмірлер кештің көркін ашып, тыңдаушыларды композитордың ең жарқын шығармаларымен таныстырды.