«Қазақтың үш арысы» кітап көрмесі

«Қазақтың үш арысы» кітап көрмесі

Биыл «Үш бәйтерек» атанған қазақ әдебиетінің негізін салушы көрнекті өкілдері Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл. Осыған орай кітапханада «Қазақтың үш арысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды. Көрмеге жазушылардың әр жылдарда жарық көрген шығармаларымен, туындылары қойылды. Сонымен қатар қаламгерлердің мүсінімен, құлагер ескерткішінің атрибутымен толықтырылды.
Шара барысында қатысушылар С. Сейфуллиннің «Аққудың айрылуы» поэмасы, Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесі, І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасынан үзінділер оқып, постер әдісі бойынша жұмыс жасады, өз пікірлерін ортаға салып сұрақтарға жауап берді.
Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген қоғам қайраткерлері бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті. Өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады. Ақын-жазушыларымыздың өмірі мен жауһар еңбектері оқушылардың сүйікті шығармаларына айналып, тағылым-танымдарын кеңейтері сөзсіз.
Share