Қазақ биі

Қазақ биі

Қазақ биі талайларға арман би,

Шара апамыз сара жолын салған би.

Шұғыла боп шартарапқа нұр сеуіп,

Назбен бірге бағы қайта жанған би.

Биязы бимен назданған жас бишілер кезекті сабақта би билеп қана қоймай, тума талант иесі, әйгілі қазақ бишісі Шара Жиенқұлованың өмір жолы жайлы мол деректерді зерделей отырып, автор Клара Диярова құрастырған “Қазақ биі” , Тойған Ізімнің “Өркені өскен би өнері” сынды кітаптармен де таныс болды.

Би падишасының сахнадағы ғұмырына көз тастаған «Керім-ай» тобының еркелері қазақ мәдениетінің өр тұлғасы туралы саналарына түйді.

Сондай-ақ «Биле, балапан!» ойынының қызығына бөленген мың бұралғандар шеңбер құрап құпия қалташадағы «Білезік», «Ұялу», «Қос мүйіз» қимылдарының сырымен таныс болды.

 

Share