Қалиұлы С. Құйғыт, қане, тұлпарым

Қалиұлы С. Құйғыт, қане, тұлпарым [Мәтін] : ертегілер / С. Қалиұлы. – Алматы : Өнер 21-ғасыр, 2021. – 168 б.

 

Сұлтан Қалиұлы – бүкіл шығармашылық өмірін балаларға арнаған аса көрнекті қазақ ақыны. – Ал, тұтаттым мен, міне,

Құт жалыңның бір талын.

Ертегілер еліне

Алып ұшшы, тұлпарым!…- деп жырлаған ақынның қаламынан туындаған жырларды Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі ұландар, балалар мен жасөспірімдер әрдайым жатқа айтып келеді. Ақын алғашқы шығармашылық жолын Қазақ радиосының балалар редакциясында бастады. Республикалық «Балдырған» балалар журналында жауапты хатшы болып, кейіннен Бас редактор болып қызмет етті. «Құйғыт, қане, тұлпарым» кітабына «Мейір шөп», «Ақылды Айша», «Бақ атай туралы аңыз» және т.б. ертегілері енген. Олардың сюжеті қызық, тілі жатық.

Share