Қамшыгер Саят

Қамшыгер Саят (1978 ж.) – балалар ақыны, жазушы-журналист, аудармашы.

1978 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Кезеңсу ауылында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1999 жылы үздік аяқтаған. Әр жылдарда Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда мұғалім (1999-2000), қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын республикалық мектеп-интернатта оқытушы (2000-2004), «Қайнар» университетінде аға оқытушы (2003-2004), М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер (2001-2005), Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, (2005-2013) республикалық «Мөлдір бұлақ» журналында Бас редактордың орынбасары (2013-2018) болып еңбек еткен. Қазір «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы.

1999 жылы «Білім» баспасынан шыққан «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» атты студент ақындардың жыр жинағына, 2006 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жас толқын» ұжымдық жинағына, 2013 жылы Мәскеуден жарық көрген «Қазақ поэзиясы» антологиясына, сол сияқты көптеген жинақтарға өлеңдері енген. 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен «Сары гүл» атты тұңғыш кітабы «Жазушы» баспасынан жарық көрген. 2008 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жүректегі ағыстар» атты жыр жинағының авторы.

Балаларға арналған «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті әліппем», «Менің алғашқы танымым», «Кім болам?» атты кітаптары жарық көрген.

Саят Қамшыгер өзге халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармаларды қазақ тіліне аударуға көңіл бөліп жүр. Башқұрт жазушысы Айгиз Баймұхаметовтың «Тастамашы, ана!» (2018), «Ертегісіз өткен балалық» (2019), «Көше балалары» (2020) атты кітаптарын аударып, бөлек-бөлек кітап етіп шығарған.

«Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Көптеген жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлының алғыс хатымен, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің алғыс хаттарымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Ақынның көптеген өлеңдеріне әндер жазылған. Ол әндерді Марат Омаров, «Шамшырақ» тобы, Ермек Меденов, Жұлдыз Мұсылманқұлова, «Сұңқар» тобы, Аллаберген Жақсыбаев, Бауыржан Өскенбеков, Асланбек Ылым, Саят Нұрғазин, Саян Бөдесов сияқты әншілер орындап жүр.

Шығармалары

Кітаптар

Қамшыгер, Саят. Жүректегі ағыстар : өлеңдер / С. Қамшыгер ; рец. Ұ. Зәуірбекова. – Алматы : Жалын, 2008. – 80 б. – (Жас толқын).

Қамшыгер, Саят Сары гүл : өлеңдер / С. Қамшыгер; ред. Б. Серікбаев; суретші Л. Тетенко. – Алматы : Жазушы , 2001. – 40 б. : портр. – (Отырар кітапханасы) (Тұңғыш кітап).

Қамшыгер, Саят. Кім болам? / С. Қамшыгер. – Алматы : Алтын сақа, 2021. – 32 б. : сурет. 

Қамшыгер, Саят. Биші қайыңдар : жыр жинағы / С. Қамшыгер. – Алматы : Дәуір, 2022. – 224 б. 

Жинақтар

Туған ел – алтын бесігім = Родная земля – золотая колыбель : жас ақындардың жыр жинағы = сборник стихов молодых поэтов / алғы сөз авт. Б. М. Сапарбаев. – Өскемен : Шығыс-Ақпарат, 2009. – 236 б. : портр.

Жанартау : жас ақындардың шығармалары / құраст. С. Жұбаниязов. – Алматы : Жазушы, 2012. – 192 б. – (Жаңа заман әдебиеті. Поэзия).

Мерзімді басылымдардағы мақалалар

Қамшыгер, С. Сабырбай Ақтайлақұлы (1775-1865) [Мәтін] : ақынның өмiрбаяны туралы / С. Қамшыгер // Абай. – 2005. – № 3. – Б. 61-66.

Қамшыгер, С. Мен – көктемнің өлеңі [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Жұлдыз. – 2010. – № 5. – Б. 134-136.

Қамшыгер, С. Бар кезiңде [Мәтін] : өлең // С. Қамшыгер // Денсаулық. – 2013.- № 3. – Б. 18.

Қамшыгер, С. Сенi сүю [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Денсаулық. – 2013. – № 3. – Б. 18.

Қамшыгер, С. Жарыма [Мәтін] : өлең / С. Қамшыгер // Денсаулық. – 2013. – № 3. – Б. 18.

Қамшыгер, С. Бірде жылдам, бірде баяу бұл өмір, Ертіс болып ағып жатқан сияқты [Мәтін] : [ақын, жерлесіміз Саят Қамшыгердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріліп, бір топ өлеңдері оқырман назарына ұсынылған] / С. Қамшыгер // Дидар. – 2013. – 24 қазан. – Б. 12.

Қамшыгер, С. Көктем келiп құлағыма сыр айтты. Бақыт. Туған елiм. Хат. Аналар. Майталман. Шығысым. Сен кеткелi [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Үш қоңыр. – 2016. – 14 қазан. – Б. 5.

Қамшыгер, С. Туған елiм. Қағбаның титтей құстары. Хат. Сенi сүю. Сен кеткелi. Жанайқай. Қағбаны сағыну. Мағжанға [Мәтін] : өлеңдер / С. Қамшыгер // Таң-Шолпан.- 2016. – № 1. – Б. 71-79.

Қамшыгер, С. Сын – бетперденi ашады [Мәтін] / С. Қамшыгер // Қазақ әдебиетi. – 2017. – 21 – 27 сәуiр. – Б. 3.

С. Қамшыгер туралы әдебиеттер

Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр [Мәтін] : анықтамалық. – Алматы : Ана тілі, 2004. – Саят Қамшыгер: б. 179.

Қазақ әдебиеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : Аруна, 2005. – 576 б. – Саят Қамшыгер: б. 262.

Қазақстан жазушылары [Мәтін] : анықтамалық / жауапты ред. Б. Шаханұлы. – Алматы : Ан-Арыс, 2009. – Саят Қамшыгер: б. 226.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. – Астана : Фолиант, 2011. – 304 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – 848 б. – Саят Қамшыгер: б. 438.                                       

Жарма ақындары [Мәтін] : антологиялық жинақ. 1-ші кітап / құраст.: М. Иманжапаров, М. Зүкенұлы . – Семей : Үш биік, 2010. – 328 б. – Саят Қамшыгер: б. 311.                                                       

***

Литература Казахстана [Текст] : знциклопедический справочник. – Алматы : Қазығұрт, 2010. – 528 с. – Саят Камшыгер : с. 262.

Share