25 қарашада біздің кітапханада «Қоғам – нашақорлыққа қарсы» атты дөңгелек стол өтті.
Шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғарғы колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 1 курс студенттері қатысты. Олар өзекті мәселелерді талқылап, дөңгелек стол тақырыбы бойынша пікір алмасты.
Шараның спикері – Жастар бөлімі қызметкері Миманова Куралай болды.
Кездесу барысында сұрақ-жауап сессиясы өтті, нашақорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді, сонымен қатар ақпараттық слайдтар ұсынылды. Сонымен бірге студенттер кітапханада бар шара тақырыбына қатысты кітаптармен танысты, мысалы: А. Әлімжанов пен С. Байниетованың «Нашақорлық – қасірет» еңбектері. Соңында қатысушылар «Егер мен…» атты рефлексиялық кері байланысқа қатысты.
Дөңгелек столдың мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ азаматтық белсенділікті қалыптастыруға және ел тағдырына бей-жай қарамауға ықпал ету.
https://www.instagram.com/reel/DRefQlXjbyc/?igsh=Zm5tcDRvNnR1aHV3




