Бүгін кітапханамызда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен ІІІ облыстық Шәкәрім оқулары өткізілді. Байқауға облысымыздағы мектептерден 5-8 сынып оқушылары қатысып, ақын өлеңдерін жатқа оқып, сөз саптауы мен өлең мағынасын түсініп оқу қабілеті бойынша сынға түсті. Қатысушы үміткерлердің өнерін бағалауға Мәдениет саласының үздігі, ШҚО драма театрының актері Ертай Жұманұлы, ақын, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Қызырбек Дүргінбайұлы және кітапхана әдіскері Риза Сәбиевна төрелік етті. Қатысушылар байқауға қатысып, бақ сынағаны үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Көп ішінен топ жарып, ерекше өнерімен көзге түскен, жаттауға міндеттелген 20 өлеңнің барлығын дерлік жаттап келген ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебінің» КММ 8 сынып оқушысы Рахат Самира Акпарқызы Астана қаласында, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 27 наурыз күні өтетін республикалық Шәкәрім оқулары байқауына жолдама алды.
