Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал десек, соның бірі – би өнері. Би бір сәттік қана, билеу кезінде ғана өмір сүретін уақытша, өткінші ғана алдамшы сезім емес. Ол біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің жан қалауы.
«Қуыршақ» биін үйренген кіші топтың бишілері, «аққу» биінің қимылдарын меңгерген орта топтың жас таланттары биязы би өнерінің мың сырына назданып, сұлу өнерді бойларына сіңіруде.
Алдағы уақытта болашақтарынан үлкен үміт күттіретін ересек топ бишілері де музыкалық ырғаққа сай би қимылдарын үйреніп, зерек екендіктерін байқатуда.