«Ұлттық дәнге ұста бол»

«Ұлттық дәнге ұста бол»

2021 жылдың 18 наурызы күні ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы қабырғасында «Ұлттық дәнге ұста бол» атты қазақ асханасының фестивалі ұйымдастырылып, қазақ халқының ұмытылып бара жатқан тағамдары өзге ұлт өкілдеріне таныстырылды. Фестиваль барысында Шығыс Қазақстан өңірінде ұлттық тағамдарды насихаттап жүрген «QURT&WINE» мейрамханасының иесі, ресторатор Тойбазаров Мұхтар Серікұлы қазақ халқының ұлттық тағамдарының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, оқырмандарға қазақ асханасын жаңа қырынан таныстырды. Сондай-ақ,  «Добрый пекарь»  ЖШС  дайындаған қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақтың түрлері де көпшілік қауымға ұсынылды. Шараға арнайы шақырылған өзге ұлт өкілдері қазақ халқының қонақ күтуге арналған күнделікті ет, ұн тағамдарынан бөлек, ел жадынан ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдарынан дайындалған ақ дастарханнан дәм татты.  Кітапхана қызметкері әзірлеген бүгінгі күні қазақ асханасының күнделікті ас мәзірінен алыстап бара жатқан ұлттық тағам түрлері де фестиваль қатысушыларына арнайы жайылған дастарқанға қойылып, тағамдардың құрамы мен жасалу жолы туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының қызметкерлері әзірлеген «Қазақтың ұлттық дәстүрлі қолөнері» атты жылжымалы көрмесі фестиваль қонақтары мен қатысушылары назарына ұсынылды.

Share

Пікір үстеу