Ұлттық өрнек – заманауи әсемдік!

Ұлттық өрнек – заманауи әсемдік!

«Әдемі ай» үйірмесінің қатысушылары бүгінгі шығармашылық кездесуде өз қиялдарына ерік беріп, ұлттық стильде керемет әшекей бұйымдар жасады.
Моншақтар мен ою-өрнектер үйлесім тауып, әр бұйым қазақы нақышта ерекше сұлулыққа бөленді.
Қыздар шабытпен жұмыс істеп, өз қолдарымен сән мен дәстүрді тоғыстырған нағыз өнер туындыларын дүниеге әкелді!
Егер сіз де өз қолыңызбен әдемілік жасауды ұнатсаңыз — бізбен бірге болыңыз!
Келесі шеберлік сабағымыз сізді де шабыттандыратынына сенімдіміз!
Share