Кітапханамызда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды елдің ұрпағы – қайсар» атты тақырыптық көрме оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесімен танысу барысында оқушылар ел егемендігі жолында жанын берген батыр тұлғаларымыз жайлы мол ақпарат алып, естеліктер тыңдады. Қатысушылар отан қорғаушылар туралы қысқаша хабарламалар дайындап, арнау өлеңдерден үзінді оқыды. Аталмыш көрмеге қазақ елінің әскери тарихын баяндайтын Қ.Аманжолов пен А.Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы», «Есімдері ел есінде» атты еңбектері, сондай-ақ, заманауи және кәсіби армия құруға бағытталған Б.Сақтағановтың «Әскери педагогика» сияқты еңбектерімен қоса түрлі әдебиеттер мен журналдар қойылды.
Ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі қатар тоғысқан Қарулы Күшіміз барда еліміздің айбыны асқақ, мәртебесі биік болары сөзсіз.