«Ұстаздықтың алтын жолы» атты іс-шара

«Ұстаздықтың алтын жолы» атты іс-шара

Бүгін кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ орта мектебінде – ұлағатты ұстаз, «ҚР еңбек сіңірген мұғалімі», профессор Қанипа Бітібаеваның туғанына 80 жыл толуына орай білім лабораториясы форматында «Ұстаздықтың алтын жолы» атты іс-шара өткізді. Шара барысында көрме ұйымдастырылып, онда ұстаздың фотосуреттері, мұрағаттық құжаттары қойылды. Қанипа Бітібаева туралы дайындалған викторина арқылы оқушылар ұлы ұстаз жайында көп мәліметтерді біліп, білімдерін толықтырды.

 

Share