25 қараша күні кітапхана қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Заки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ-ның 7 сынып оқушылары арасында «Әдеби QUIZ» интеллектуалды сайысын өткізді. Әдеби сайыс «Тез-тез тест», «Тауып көр», «Сәйкестендір», «Бұл кім?» және «Оңай емес» атты бес кезеңнен, әр кезең төрт тапсырмадан құралып, қатысушылар 5 топқа бөлініп өз білімдерін сынады. Барлық тест сұрақтары мен тапсырмалар, ребустар мен сурет-сұрақтар 7 сынып оқушыларының «Қазақ әдебиеті» пәнінен бірінші тоқсанда оқыған тақырыптары бойынша жасалды. Сайыс барысында өз белсенділігімен көзге түсіп, ең жоғары балл жинаған топ оқушыларына тәттілер сыйға берілді.