«Әкелер әңгімесі» айдары арқылы ел алдында жүрген белгілі әкелердің қазіргі қазақ қоғамындағы, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі жайлы сұхбаты кітапхана оқырмандарының назарына ұсынылады.
Мақсаты – қоғамдағы, отбасындағы, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру. Ел алдында жүрген зиялы қауым өкілдерінің және ұрпақтарының айтқан тағылымдық әңгімелері, ақыл-кеңестері арқылы қоғамда ер азаматтардың беделін көтеру.
Қысқаша сипаттамасы: Әр шығарылымда қоғамда өзіндік орны бар тұлғамен қазіргі таңда өзекті болып отырған отбасындағы әке имиджі талқыланады.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен әр салада қызмет етіп жүрген әкелермен онлайн және оффлайн форматта кездесу ұйымдастырылады. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы, отбасындағы, бала тәрбиесіндегі әке рөлінің маңызы назарға алынады, сондай-ақ, қалың оқырманның көкейінде жүрген жас отбасылардың үй болып қалыптасуына кеңестер ұсынылып, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас сияқты мәселелер сөз болады.
Балалар мен әкелерге арналған атаулы күндерде әртүрлі отбасылық байқаулар немесе шығармашылық, танымдық кештер ұйымдастырылады.
Күтілетін нәтижелер: кітапхана оқырмандары отбасы құндылықтарын бойына сіңіріп, қоғам мен отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінеді.
Жүргізушісі: Көпшілік жұмыстар орталығының кітапханашысы
Исағұлқызы Д., тел: 8778 108 66 33
Уақыты: айына бір немесе екі рет