Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Әлемді аялаған сөз» атты тағылымды көрме ұйымдастырылды. Шарада жасөспірімдер ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын заманауи форматта танып, QR-код арқылы өлеңдері мен нақыл сөздерін оқып, мультимедиялық материалдардан тың әсер алды.Жастар топтарға бөлініп, Абай шығармалары туралы пікір алмасып, туындылардағы терең мағына мен мәңгілік құндылықтарды бірге талдады. Интерактивті тапсырмалар, виртуалды саяхат және шығармашылық аймақ көрменің мазмұнын байытып, қатысушылардың қызығушылығын арттырды.Сондай-ақ Р. Зайкенованың «Абай. Әдеби-танымдық энциклопедия» кітабы таныстырылып, әсіресе «Абайды алғаш зерттеушілер», «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған», «Алып анадан туады» айдарларына назар аударылды. Бұл бөлімдер оқырмандарға Абайдың тұлғалық болмысы мен рухани әлеміне тереңірек үңілуге мүмкіндік берді.Шара жас ұрпаққа рухани шабыт сыйлап, Абай мұрасының мәңгілік құндылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Ұлы ойшылдың сөзі – ұлттың рухани шамшырағы.



