әні – Алтын, сөзі – Болат қос талант

әні – Алтын, сөзі – Болат қос талант

Қыстың ақырғы айының соңғы күні, 28-ақпанда сағат 15:00-де кітапханамызда «әні – Алтын, сөзі – Болат қос талант» атты әдеби-сазды, танымдық-шығармашылық кеш өтті. Кешке барлығы 40-қа тарта адам жиналып, ҚР Мәдениет қайраткері, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы, әнші Есмұрат Қыдырмолданов және өңіріміздегі өнер жұлдыздары, сондай-ақ С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері мен Абай атындағы гуманитарлық колледжінің студенттері көрермен болып келді.

Кездесуде ақын, сазгер, әнші, «Менің жолым» және «Әр қазақтың жүрегі – менің жүрегім» атты кітаптардың авторы – Алтынбек Бұлжантегі мен ақын, «Арғанатым – ар қанатым» кітабының авторы, Қазақстан Авторлар қоғамының мүшесі, «Қазақ лауреаты» төсбелгісінің иегері – Болат Рысбеков өздерінің шығармашылығымен таныстырып, өмірдегі және өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

Айдын Алдархан, Медет Есімжанов, Берік Рамазанов сынды шығыстың белгілі өнерпаздары кеш иелерінің авторлық туындыларын орындады.

Алтынбек Бұлжантегі жас кезінде өзі айналысқан шығыс жекпе-жек спортының көп адам біле бермейтін құпияларын айтып, өзінің ерекше шеберлігін де көрсетті.

Кеш тізгінінін ұстаған кітапхана қызметкері кейіпкерлермен сұхбаттасып, әр түрлі ойындар ойнап, олардың жан-жақты қырларын ашуға тырысты.

Share