Бүркітші қызымыз Айшолпан Нұрғайыпқызының шашбауын көтеріп біз де сол тойға көзайым болып кеп қалдық. Әлемнің 7 елінен келген қонақтар мен еліміздің бар өңірінен жиналған халықта есеп жоқ. Бүркіт, тазы, айтыс, асау үйрету сынды ұлттық дәстүрді дәріптейтін қан қыздырып, делебені қоздырар сайысқа нағыз саңылақтар жиылған. Өнер жұлдызы Нұрлан Абдуллин өз ән шашуымен келіпті.
Шараның ашылу салтанатын облыс әкімі Ермек Көшербаев мырза өз алғыс сөзімен бастады. Түрлі ән-би шашулар жүріліп жатыр.