Әр іс жақсы ниетпен

Әр іс жақсы ниетпен

1 маусым балаларды қорғау күнінде «Ана үйіндегі» балаларға дәстүрлі түрде барып, бүлдіршіндерге кітаптар сыйлап, олармен бірге ойнап, шаттандырып бір қуантып қайттық. Арнайы уақыттарын бөліп бізбен бірге барған Niet Woman қауымдастықтың мүшелері балғындарға түрлі тарту-таралғын жасап, сыйлықтарын берді.
Балаларға ерекше жарқын көңіл-күй сыйлағандары үшін, жас аналар ризашылықтарын білдіріп, өздерінің және бүлшіндердің атынан алғыстарын айтты.
Share