Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдығына орай қайсар рухты ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, патриоттық рухты арттыру және шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында әскери бөлімнің жас сарбаздарымен «Жүрегі жырдан жаралған» атты кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар ақынның өмір жолымен танысты, шынайы сезімге толы өлеңдерін тебірене оқыды. Әдеби викторина, «Кім айтқан?» сынды танымдық ойындар, поэзиялық пазлдар арқылы қатысушылар ақын шығармашылығына деген ықыластарын білдіріп, өлең шумақтарын құрастыру арқылы тапқырлықтарын көрсетті. Шараның шырайын аша түскен тағы бір маңызды бөлім — ақын еңбектерінен құралған кітап көрмесі болды. Көрмеге Жұбан Молдағалиевтің өмірі мен шығармашылығын тереңінен танытатын келесі туындылары қойылды: «Мен — қазақпын», «Алтын қалам», «Сел», «Степной загар», «Звезда поколения», «Живу любовью», «Таңдамалы шығармалары». Аталған шара жастарға рухани азық беріп, Жұбан Молдағалиевтің поэзиясына деген қызығушылықтарын арттырды.
