Өлкетанушы Борис Васильевич Щербаков қонақта

Өлкетанушы Борис Васильевич Щербаков қонақта

Абай туралы жазылған очерктер, мақалалар мен кітаптар өте көп. Әр автордың Абайға апарар өз жолы бар. Ол жолдар бір-біріне ұқсамайды.

Абайды терең түсінуге өзіндік жолын тапқан көрнекті ғалым, жазушы-натуралист, өлкетанушы, кітапхананың үлкен досы – Борис Васильевич Щербаков та осы бағытта еңбек етіп келеді. Айта кетсек, ол – Шығыс Қазақстан табиғатын ғана емес, өзге аймақтардың табиғатын да жақсы білетін және насихаттайтын жан. Бүгін №34 мектеп-лицейінің 6 – сынып оқушылары үшін автормен тікелей жүздесу мүмкіндігі туды.   

Жазушының шығармашылық қоржынында  Абайға арналған бірнеше кітап бар. Соның ішінде мазмұны жағынан ең ауқымдысы әрі маңыздыларының бірі – «Жидебайдың жұлдызды даласы».    
Біз Абайдың 180 жыл бұрын көрген табиғатын, Борис Щербаков өз еңбегінде суреттеген сол даланы елестетіп көруге тырыстық.      

Әр “аялдамада” қатысушыларды жазушымен әңгіме, дала жайлы қызықты деректер, құстар әлемі және көшпенділердің аңыздары күтіп тұрды.  Шараның соңында оқушылар адам өміріндегі ең қымбат құндылық – отбасы туралы ой өрбітті. Абайдың отбасы, Зере әженің даналығы мен Құнанбайдың қайраттылығы – ақынның рухани қалыптасуы мен шығармашылығына негіз болған жарқын үлгі ретінде талқыланды.   

Share