Өлкетану кітаптарының апталығы

Өлкетану кітаптарының апталығы

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен Өлкетану кітаптарының апталығы «Этюды о Восточном Казахстане»  кітабын оқырмандардың назарына ұсынудан басталды. Оқырмандар жаңа есіммен танысты. Ол – Олег Борисович Букач. Оның балалық және жастық шағы Өскемен қаласында өтті. Ал, жазушы қазір Мәскеуде тұратынына қарамастан, шығармалары шағын Отанына деген сүйіспеншілікке толы. Әрбір этюд Шығыс Қазақстан облысының бір елді мекенімен және онда тұратын қызықты адамдармен таныстырады. Ең бастысы, автор жалынды сөздерімен айналамызды қоршап тұрған қайталанбас табиғатқа оқырмандардың назарын аударады. Осындай сөздерден кейін балалардың туған жерді аралауға деген зор құлшынысы артты!

Олар кітапханашымен бірге алғашқы сапарға «жолға шықты».

«Ертіс жағасында, жанған оттың маңында» гитарада ән шырқалып, кітаптан үзінділер оқып, сырласып, алған әсерлерімен бөлісті.

Share