«Өмір бәйтерегі» кітабының авторы Сәуле Досжанмен кездесу

«Өмір бәйтерегі» кітабының авторы Сәуле Досжанмен кездесу

Бүгін кітапханада ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әдебиет саласындағы халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақстан Жазушылар мен Журналистер одағының мүшесі «Өмір бәйтерегі» кітабының авторы Сәуле Досжанмен кездесу болды.
Елімізде үшінші рет ұйымдастырылған Қазақстан туралы үздік туынды болып танылған Mecenat.kz байқауының жеңімпазы – «Өмір бәйтерегі» романын жазған Сәуле Досжан көпшіліктің дауыс беруімен әдеби сыйлығының жеңімпазы атанған болатын.
Шара қонақтары жазушы Әлібек Қалиұлы, айтыскер ақын Серік Құсанбаев жаһандану идеясын үздіксіз бойына сіңіріп жатқан бүгінгі қоғамда осындай ой саларлық шығармалары үшін жылы лебізін білдірді. С.Аманжолов атындағы ШҚУ жанындағы «Шабыт» студенттер театры ұсынған жазушының «Қасірет пен тағдыр» романы бойынша қойылымы оқырманға үлкен ой салды.
Сондай-ақ арнайы кітап көрмесі дайындалып, онда С. Досжанның шығармашылық жолы туралы көптеген сұрақтарға жауап беретін шығармалары ұсынылды.
Share