Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Лепірме сөз сияқты көрінсе де, мейірімділік пен қайырымдылық адамға адам болып қалуына көмектеседі. Қалаған жағдайда мұндай лайықты қасиетке кез келген адам ие бола алады. Қоғам болған соң көмекке мұқтаж адамдар да көмек қолын созатын жандар да табылады. Дәл бүгін Игі істер күнінде Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жастар орталығының жанынан ашылған «Аяла» еріктілер мектебінің мүшелері мен Өскемен қаласының «Qainar»ҚҚ еріктілері «Үміт» балалар үйінің тәрбиелеушілеріне «Ана үйі»ҚҚ қыздарына қуаныш силап , оларға өздерінің жүректерінен шыққан жылуларын арнап, Глазкова Александра Ивановна ардагердің ауласын қардан тазартып қайттық. Еріктілік – риясыз қызмет, қайырымды жандардың ізгілік жолындағы ізетті істері. Жұдырықтай жүрегімізден мейірім аямайық, құрметті достар.