«Curious Kids»

02.03.2024

Present Simple Tense (Қазіргі осы шақ) – етістігі әдеттегідей, әдетте қайталанып тұрушы белгілі бір уақыт-мезгілді білдірмейтін, жалпы іс-әрекетті білдіреді. Бұл күнделікті сөйлеуде жиі кездесетін уақыттардың бірі, сондықтан оны басынан бастап түсіну және зерттеу маңызды.

“Curious Kids” сенбілік үйірмесінің кезекті сабағында балалар Present Simple Tense қолданудың жиі кездесетін жағдайларымен танысты, осы уақыттың негізгі ережелерін, уақыт белгілерін және мысалдарын қарастырды. Сабақ соңында балалар “I like breakfast” әнін орындап, бекіту жаттығуларын орындады.

24.02.2024

Curious Kids” сенбілік үйірмесінің кезекті сабағында балалар өткен тақырыптың сөздерін қайталап “Fishing” әдісі бойынша адасқан әріптерді ретімен орналастырды және “We’re getting ready!” тақырыбындағы жаңа сөздерді үйренді. Балалардың ойлау жылдамдығын дамыту және тексеру мақсатында “Who is faster” ойыны ойнатылды. Сондай-ақ грамматикадын Present Continuous шағының құрылымымен танысып, болымды, болымсыз және сұраулы түріне сөйлем құрап үйренді.

 

10.02.2024

«Curious Kids» үйірмесінің қатысушылары ағылшын тілін үйренуге ынталы!

Кіші топтағы балалар өткен материалды қайталап, «Who am I?» ойынында «can» модальды етістігінің сұрақ формасын қайталады, сонымен қатар «have/has» сұрақ құрылысын еске түсірді. «Yes or No» ойынында оқырмандар екі жаққа секіріп, ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап берді.

Үлкен топтағы балалар «Present Simple Tense» тақырыбын оқуды жалғастырды, жазбаша тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін бекітті, ал ауызша сөйлеуді жаттықтыру үшін диалог құрастырды.

03.02.2024

“Curious kids” сенбілік үйірмесінің кезекті сабағында балалар can/can’t модальды етістіктеріне жаңадан үйренген қабілетті білдіретін сөздермен сөйлем құрап үйренді және оқырмандардың сөздік қорына қосылған жаңа сөздерді қалай меңгергенін тексеру мақсатында өткен “Where is my mobile phone?” тақырыбындағы сөздерді суреттер арқылы тауып жазды.

Түскі топ «Present Simple» шағында хабарлы, сұраулы және болымсыз сөйлемдер қалай құралатынымен танысып, әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Сондай-ақ, шығармашылық пен креативтілікті дамытуға көмектесетін «Суретті аяқта» тапсырмасымен сабағымызды қортындыладық.

27.01.2024

«Curious kids» сенбілік үйірмесінің кезекті сабағында балалар ағылшын тіліндегі демеуліктерді қайталады. «Furniture» / «Жиһаз» тақырыбындағы жаңа сөздерді үйренді, сондай-ақ «Guess the word», «Roulette wheel» сияқты дамытатын және бекіту ойындарын ойнау арқылы балалар заттардың орналасуына байланысты сөздерді тапты, және де өздерінің дағдылары мен қабілеттері туралы can/can’t модальды етістігінің көмегімен сөйлем құрауды үйренді.

20.01.2024

«Curious Kids» үйірмесінде балалар «Саn» модальды етістігінің сұраулы түрін үйренді. «Climb the tower» ойынында, әр топ тапсырмаларды тандап, аудармасын талқылайды. Мұнара шыңына бірінші көтерілген команда жеңеді. “Фанты” ойынында оқушыларға әр түрлі қызықты сұрақтар ұсынылды, мысалы, «Can you dance like Michael Jackson?/ Майкл Джексон сияқты би билей аласын ба?», «Can you sit on the twine?/ Шпагатқа отыра аласын ба?» жауаптары оң болған балалар бұл әрекетті көрсетуге тырысты.

13.01.2024

«Curious kids» сенбілік мектебінің кезекті сабағында әдеттегідей үйірме қатысушыларының сөздік қорын көбейту мақсатында және өткен тақырыптағы жаңа сөздерді қалай меңгергенін тексеру үшін “Stop and Say”, “Secret words” сияқты әдіс-тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ тақырып бойынша жаттуғылар мен Can/Can’t модальді етістігімен қолданылатын

Ride a bike🚴, Ride a horse🏇, Play the guitar 🎸, Climb a tree🌳, Sing a song🎤,Jump very high, Swim 🏊 сияқты сөз тіркестерімен сөйлем құрап үйренді.

06.01.2024

Рождество қарсаңында сенбілік тіл мектебінің қатысушылары үшін мерекелік сабақ өтті. Сабақ мейірімді, жылы тілектерден басталды. Балалар мерекеге қатысты көптеген қызықты ағылшын сөздері мен сөз тіркестерін білді. Рождестволық ойындар жас курсанттардың көңіл-күйің көтерді. «Сыйлықты бірінші болып ал» ойынында жүргізушінің кілт сөзін естіген оқырмандар қарсыласынан бірінші болып сыйлық қорабын тезірек тартып алуы керек болды. Келесі «Рождестволық доп» ойыны қызықты өтті,  ал балалар өз ептілігі және жылдамдылығын көрсете білді. Екі топқа бөлініп, балалар пластикалық стақандардың көмегімен Рождестволық шарларды мерекелік себеттерге жеткізді.

Соңында, біздің қатысушылар шағын шығармашылық жұмысты орындап, шыршаны жарқын ойыншықтарымен безендірді.

 

Share