14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Құрметті достар! Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 ақпаннан 28 ақпан аралығында өтетін «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясына қатысуға шақырады. Егер сіздің үй кітапханаңызда жақсы кітаптар бар және оларды басқалармен бөліскіңіз келсе, оларды біздің Космическая көшесі, 6/2 мекенжайындағы кітапханаға әкеліңіз. Сіздің кітаптарыңыз өз оқырманын тауып, оларды кітап әлемімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Жақсылық жасауға…

Read More

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

«Керім-ай» би үйірмесі «Сиқырлы бояулар» сурет үйірмесі «Волшебный клубок» тоқыма үйірмесі «Веселые бусинки» үйірме (моншақтармен жұмыс)

Read More

Болашаққа құқықпен қадам

Бүгін кітапханамызға Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері келіп, құқық саласының даму болашағына арналған «Болашаққа құқықпен қадам» атты форсайт-талқылауға қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар заманауи заңнамадағы өзекті мәселелерді, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы жастардың рөлін, сондай-ақ құқық саласының дамуындағы негізгі үрдістерді талқылады. Әсіресе, заң жүйесін цифрландыру үдерістеріне, азаматтық жауапкершілік мәселелеріне және қоғамдағы құқықтық сана деңгейіне…

Read More

ТІЛ ҮЙІРМЕЛЕРІ

«BASTAY» қазақ тілін үйрену үйірмесі «Play and learn English» тілдік үйірме «English Club: discovering the world» / Ағылшын тілі клубы: «Әлемді аш» «Curious kids» сенбілік мектебі Ағылшын тілінде жылдам оқу үйірмесі «Kids reading» / «Ағылшын тілінде жылдам оқу»

Read More

Ёжики

Алғашқы сынақ сабағы «Ёжики» үйірмесінде 28 қаңтар күні өтті. Жас қатысушылар қиялды дамытуға арналған «Шыбын», «Пойыз», «Пульс» этюдтерінде өз күштерін сынап көріп, ойдан құрастырылған жағдайларда әрекет ету қабілеттерінің жаман еместігін көрсетті. Сондай-ақ олар зейінді шоғырландыруға, байқампаздыққа, селективті ойлауға және есте сақтауға бағытталған ойын жаттығуларын үлкен ықыласпен орындады. Сабақ жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалардың ашыла…

Read More

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз

Шығыс Қазақстан облыстық балалар  және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты кітап көрме-инсталляциясының таныстырылымы өтті. Экспозиция «Тарихтағы тағдырлы кезең», «Елдіктің еңселі жылдары», «Жасампаз болашақ» атты үш тақырыптық бөлімнен құралды. Әр бөлімде Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдерді, егемен мемлекеттің қалыптасу үдерісін, сондай-ақ оның әлеуметтік-саяси және мәдени жетістіктерін…

Read More