Бүгін кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының қатысушылары бірнеше пайдалы нейрожаттығуларды орындады.
Шарада «Суретті тап» тапсырмасы арқылы сөйлеуі тежелген баланың ең алдымен түсінігін қалыптастыруға көмектесетін және «Саусақ» жаттығулары арқылы мидың пластикасын дамытуға болатын тапсырмалар орындалды. Яғни, бұл тапсырмалар ақпаратты тез есте сақтауға және жаңа нәрселерге бейімделу қабілетіне жауап береді.
Сонымен қатар ұсынылған «Құм терапиясы» адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға ықпал ететін өте маңызды, пайдалы терапия. Осы құм терапиясын қолданудағы мақсатым: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын ортаға қалыптастыру. Құм терапиясы – балалар мен ересектердің эмоционалдық жағдайына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Share